Accessibility links

Қазақстан президенті Моңғолияға сапар шекті


Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Моңғолияға аттанды. Екі күндік сапар кезінде ол Моңғолия президенті Намбарын Энхбаярмен, Моңғол парламентінің төрағасы Д.Лундээжанцанммен және сол елің премьер-министрі С.Баярмен кездеседі. Назарбаев бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойып, қазақ-моңғол бизнес-форумына қатысады. Сонымен бірге Моңғолиядағы қазақ диаспорасының өкілдерімен жүздеседі. Қазақстанның ресми делегациясының құрамында ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин, еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергенев, «Қазына» қорының басқарма төрағасы Арман Дунаев және басқалар бар.
Моңғолия сапарынан кейін, тамыздың 7-10 аралығында президент Назарбаев Қытайға барып, ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен кездеседі, сондай-ақ Бейжіңде басталатын жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады.
XS
SM
MD
LG