Accessibility links

Ресми Тбилиси Мәскеуді “басқыншылыққа барды” айыптайды


Грузияның сыртқы істер министрі Екатерина Ткешелашвили ресми Тбилиси әлем лидерлерін Ресейдің “грузин жеріне тікелей басқыншылық әрекетін тоқтату үшін Мәскеуге қысым жасауға” шақырады деп мәлімдеді.
Министр Ресейдің Оңтүстік Осетияға ауыр соғыс техникасын кіргізіп, Тбилисидің іргесіндегі әскери әуе базасын Ресейдің соғыс ұшақтарының бомбалауын “тікелей басқыншылық” деп сипаттады. Оның алдында грузин президенті М.Саакашвили бүгін күндіз Ресей Оңтүстік Осетияға 150 танктен тұратын күшін кіргізгенін хабарлаған болатын.
Ресейдің қорғаныс министрлігі Оңтүстік Осетиядағы бітімгершілік күштерін қолдау үшін қосымша әскер жібергенін мәлімдеді. Бірақ қанша әскер жіберілгенін атамады. Кремль, сонымен қатар, әскердің Оңтүстік Осетияның басым көпшілігі Ресей азаматы болып табылатын бейбіт халқын қорғайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG