Accessibility links

АҚШ армиясы Ирақтан 2011 жылы ғана кетуі мүмкін


Бүгін Ирақ басшылары 2011 жылдың соңына қарай Ирақтан АҚШ-тың барлық әскерін шығаруды қарастырған екіжақты келісімнің жобасын талқылауға тиіс.
Washington Post пен The New York Times газеттерінің хабарлауынша, Ирақтағы АҚШ әскерінің мандаты 2011 жылы аяқталады деген мерзім – осы жылдың соңында БҰҰ-ның мандаты аяқталатын болған соң енгізілді. Иран және АҚШ шенеунектеріне сілтеген 2 басылымның да ескертуінше, АҚШ әскерінің кету мерзімі қауіпсіздік ахуалына байланысты болады.
Бұл хабар бейсeнбі күні Бағдадқа барған К.Райстың ізінше шықты. Бірақ Райс әскердің кету мерзіміне тоқталмады.
XS
SM
MD
LG