«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы коррупциямен қарсы күрес тақырыбына арналған спектакльдер байқауын ұйымдастырмақ. Партия филиалы төрағасының 1-ші орынбасары міндетін атқарушы Тоқмұхамед Садықовтың айтуынша, мемлекеттік органдар арасында өткізілетін бұл байқау қорытындысы бойынша «үздік департамент», «үздік бөлім», «жаңа қалыптағы мемлекеттік қызметші» деген номинациялар бойынша бәйгелер беріледі.
«Байқаудың басты мақсаты – азаматтардың коррупцияға қарсы дүниетанымын кеңейтіп, мемлекеттік органдардың жұмысына азаматтық бақылау белсенділігін арттыру», - деді Т.Садықов.