Accessibility links

Ресей мен Грузия келіссөздерін жалғастырмақшы


Ресмилердің айтуынша, Ресей мен Грузия өкілдері келіссөздерін жалғастыруға келіскен. Олар бүгін Женевадағы жиында қауіпсіздік пен босқындар мәселесін талқылады. Бұл келіссөздерге сондай-ақ Грузияның жікшіл аймақтары Оңтүстік Осетия мен Абхазияның өкілдері қатысты. Тамыз айында Оңтүстік Осетияға байланысты Ресей мен Грузия арасында қақтығыс орын алған еді. Екі жақ келіссөздерін жалғастыру үшін желтоқсан айында кездесуі мүмкін деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG