Accessibility links

Латвия қаржы дағдарысына байланысты ЕуроОдақ пен Валюта қорынан көмек күтеді


Латвия премьер министрі Иварс Годманистің айтуынша, экономикалық дағдарысқа байланысты Латвия Еуропа Одағы және Халықаралық қаржы қорымен бейресми келіссөздер бастайды. Қаржылық қолдауды қажет етіп отырған бұл елдің премьер министрі келіссөздер қашан басталатынын айтпады.

2004 жылы ЕуроОдаққа қосылған Латвияда бірнеше жыл экономикалық өсім байқалғанымен, бүгінгі таңда рецессияға ұшырау алдында тұр. Экономикасы тығырыққа тірелген тағы бірқатар еуропалық елдер Брюссельмен Халықаралық Валюта қорына көмек сұрап қайрылды.
XS
SM
MD
LG