Accessibility links

Қазақстан ЕурАзЭҚ-тың отырысына қатысады


Қазақстан өкілдері Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің 42- отырысына қатысады.

Бұл туралы хабарлаған ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаевтың мәліметінше, ертең Мәскеуде басталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің 42- отырысының барысында Кедендік одақты және Біртұтас экономикалық кеңістікті құру мәселелері қарастырылатын болады. Аталған отырысқа ҚР Индустрия және сауда министрі В. Школьник бастаған қазақстандық делегация қатысады.

XS
SM
MD
LG