Accessibility links

Ирақ парламенті Ирақ - АҚШ келісімін мақұлдауы мүмкін


Бүгін Ирақ парламентінде қауіпсіздік туралы Ирақ-АҚШ келісімінің жобасы дауысқа салынуға тиіс. Құжатта АҚШ армиясының Ирақта болуының құқықтық негізі қаланған. Келісімде АҚШ армиясының 2011 жылдың соңына қарай Ирақтан шығарылатыны қарастырылған.
Екіжақты келісім АҚШ әскеріне БҰҰ берген мандатының орнын басады. Оның мерзімі осы жылдың соңында аяқталады.
Оны Ирақ парламентіндегі шииттердің блогі мен күрдтер қолдайды. Шииттердің бітіспес рухани көсемі Мұқтада Ас-Садрдың үзеңгілестері келісімге түпкілікті қарсы.
XS
SM
MD
LG