Accessibility links

Тайландта әзірше қазақстандық 160 жолаушы тікелді


Бангкоктің халықаралық әуежайының жабылуына байланысты “Эйр Астана” әуе компаниясының 220-дан астам жолаушы тасымалдайтын “Боинг-767” ұшағы Алматыдан Паттайя қаласындағы Утапао әуежайына қарай ұшып шықты. Ол туралы әуе компаниясының баспасөз-қызметі хабарлады.
Хабарға қарағанда, дәл қазір осы елге ұшақпен қайтқысы келген 160 жолаушы тіркелген, бірақ кешке қарай олардың саны өсе түсуі мүмкін.
Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігінің кеңес беруіне қарамастан, Алматыдан Паттайяға 75 турист ұшып шықты. 200-ден астам жолаушы ұшатын күнін немесе баратын жерін өзгертті, не болмаса ұшақ билеттерін кейін тапсырды.
XS
SM
MD
LG