Accessibility links

Күн күрт суып, аяз болады


Алматыда алдағы күндерде ауа температурасының сынап бағанасынан 12 - 17 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ «Қазгидрометтің» мәлімдеуінше, 1 - 3 желтоқсанда түнде ауаның температурасы Солтүстік Қазақстан облысында минус 18 - 23, кей жерлерде минус 23 - 28 градусқа дейін; Ақмола облысында минус 10 - 15-тен 15 - 20, кей жерлерде 23 - 28 градус аязға дейін; Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында - минус 10 - 15-тен 18 - 23, кей жерлерде 25 - 30 градусқа дейін аяз, Қарағанды облысында - минус 8 - 13-тен 13 - 18, кей жерлерде 23 - 28 градус аяз, Қостанай облысында минус 12 - 17, кей жерлерде 20 градус аяз; 2-3 желтоқсанда Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде минус 10 - 15 градусқа, Жамбыл және Алматы облыстарында 12 - 17 градус аязға дейін суытады.

XS
SM
MD
LG