Жаңадан сайланған президент Барак Обама салқындаған АҚШ пен Ресей қарым-қатынастарын қайта бағалауға шақырды. NBC телеарнасына берген сұхбатында Барак Обама ядролық қаруды таратпау мәселесі мен лаңкестікке қарсы күрес саласында “біз олармен мүмкіндігінше ынтымақтасқымыз келеді” деп мәлімдеді. Алайда Вашингтон Мәскеудің көршілерімен қақтығыспай, әрекет етуі керектігін анық етіп айтуы тиіс, деп атап көрсетті Обама.
Қаңтардың 20-да Барак Обама өз қызметіне ресми түрде кіріседі.
Қаңтардың 20-да Барак Обама өз қызметіне ресми түрде кіріседі.