Үндістанның әуе күштері өздерінің әскери ұшақтары Пәкістанның әуе кеңістігін бұзды деген ақпаратты жоққа шығарды. Ол туралы Үндістанның әуе күштерінің өкілі Махеш Упасани мәлімдеме жасады. Оның алдында Пәкістан ресмилері елдің Кашмир аймағындағы даулы Гималай бөлігіне сенбі күні үндістандық ұшақтар кіріп кетті деп айтқан. Пәкістан билігі ол ұшақтарды пәкістандық қырғи ұшақтар шекараға дейін қуып шығарды деген. Жексенбі күні пәкстандық ресмилер ол үндістандық ұшақтардың заңбұзушылығы абайсызда техникалық себептермен болған деп түсіндіріп отыр.