Беларус президенті Александр Лукашенко ел экономикасын тұрақтандыруға көмектесу үшін АҚШ-тан 5 миллиард долларлық несие сұрамақшы. Мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында Лукашенко бұл өтініш орындалмауы да мүмкін, бірақ Халықаралық валюта қоры Беларус еліне 2 миллиард долларлық несие береді деп мәлімдеді. Бұған дейін ресми Минск Ресей Беларус мемлекетіне 2 миллиард доллар көлемінде несие беруге келісті деп хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы