Accessibility links

Израиль Газадағы соғысын ұзақ жалғастыра береді


Израильдің қорғаныс вице-министрі Матан Вилнай Газа аймағындағы соғысты көп апта бойы жалғастыруға Израиль әзір деп мәлімдесе, премьер-министр Эхуд Ольмерт Газадағы соғыс бірнеше сатыдан тұратын операцияның біріншісі ғана деп мәлімдеді.
Израиль Хамас ұйымының Газа аймағындағы нысандарына төртінші күн қатарынан әуеден соққы берді.
Сейсенбі күні таңертең Израиль ұшағы Хамас үкіметінің 5 кеңсесін бомбалап, кем дегенде 10 кісінің қаза болғаны хабарланды.
Газа аймағындағы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі мәлімдегендей, Израиль соғыс қимылдарын бастаған 4 күннің ішінде қаза тапқандардың саны 350-ден асты, тағы бірнеше жүз кісі жараланды. БҰҰ Газада кем дегенде 62 бейбіт тұрғынның қаза болғанын мәлімдеді. Өткен дүйсенбіде Хамас ұйымының Израильді атқылауынан 4 адам, оның ішінде 1 еврей жауынгері жер құшты.
XS
SM
MD
LG