Accessibility links

Израиль ХАМАС-тың инфрақұрылымдарына нұқсан келтірмеген


Израиль Газа аймағында құрлықтағы соғыс операциясын жүргізуі “барып тұрған қателік болады”. ХАМАС ұйымының қуғында жүрген көсемі Халед Машааль осылай деп ескертті. Саясаткердің бейнетаспаға жазылған осы ескертуі Әл-Джазира телеарнасының эфирінен берілді. Дамаскі қаласында тұратын Машааль Израильдің әуе соққыларынан ХАМАС-тың инфрақұрылымдарына нұқсан келмегенін мәлімдеді.
Ал Израиль сенбі күні таңертең жетінші күн қатарынан әуе соққысын жалғастырды. БҰҰ-ның есебі бойынша, Палестина жағынан қаза тапқандардың саны 420-дан асса, жараланғандар 2 мыңнан асып жығылады. Хабарға қарағанда, ХАМАС-тың зымырандармен атқылауынан Израиль 4 азаматынан айрылды.
АҚШ президенті Джордж Буш ХАМАС-тың зымырандық соққысын терорлық әрекет деп айыптады. Ол ХАМАС жасақтарының қолына келіп жатқан қару-жараққа дереу тосқауыл қоюға шақырды.
XS
SM
MD
LG