Accessibility links

Қырғызстанда оппозиция жетекшісі босатылды


Қырғызстан полициясы сенбі күні тұтқындалған белгілі оппозиция жетекшісі Омурбек Текебаевты босатты. Бұл туралы Азаттық радиосының қырғыз қызметі хабарлады. Атамекен партиясының басшысы Текебаев пен оның қолдаушыларына заңсыз шеру өткізбекші болды деген айыптар тағылған болатын. Аталған партия Талас облысында жиын ұйымдастыруды жоспарлаған еді. Бұрынғы парламент спикері Текебаев соңғы кездері президент Құрманбек Бәкиевтің өткір сыншысына айналған-ды.
XS
SM
MD
LG