Accessibility links

Қазақстан президенті Германияға сапармен бармақ


Германиядағы Қазақстан жылын ашу мақсатында және ГФР Федералдық президенті Хорст Келердің Қазақстанға сапары кезіндегі қол жеткен келісімге сәйкес 3-ақпанда ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративтік Республикасына сапары басталады, — деп мәлім етті ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Сапар барысында мемлекет басшысы аталмыш елдің басшылығымен кездесіп, Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысып, Германиядағы Қазақстан жылының ашылуына байланысты мерекелік концертті тамашалайды деп жоспарлануда.

«Германияда Қазақстан жылын өткізу жоспары жоғары дәрежедегі саяси кездесулер, экономикалық форумдар, білім, мәдени-гуманитарлық және басқа салаларда екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған 100-ге таяу іс-шараны қамтып отыр»,— деді Ержан Ашықбаев.


XS
SM
MD
LG