Accessibility links

Тәжік президенті дүйсенбіде Брюссельге барады


Тәжікстан сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, президент Эмомали Рахмон Еуропа Одағымен келіссөздер жүргізу үшін алдағы аптада Брюссельге бармақшы. Дүйсенбі күні басталатын үш күндік сапары барысында президент Рахмон Еурропалық комиссия жетекшісі Жозе Мануэл Баррозу, ЕуроОдақтың сыртқы саясат бойынша басшысы Хавьер Солана және сыртқы байланыстар бойынша басшы Бенита Ферреро Уолднермен кездеседі. Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде келіссөздер барысында аймақтық қауіпсіздік, экономикалық және гуманитарлық саладағы Тәжікстан мен Еуропа Одағының байланыстары талқыланады делінген.
XS
SM
MD
LG