Польша пәкістандық Талибан бүлікшілерінің кепілдікке алынған поляк азаматын өлтіргендерін айыптады. Жексенбі күні Петр Станчактың басы кесілгені туралы бейнетаспа жарияланды. Инженер Станчак осыдан 5 ай бұрын Пәкістанда ұрланған еді. Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорски әлгі поляк азаматының өлтірілуін “қатыгездік” деп атап, осы оқиғаға қатысы бар адамдар жазаға тартылуы тиіс деп атап көрсетті.
2002 жылы Пәкістанда Даниэль Перл есімді американдық журналисттің басы кесілген болатын.
2002 жылы Пәкістанда Даниэль Перл есімді американдық журналисттің басы кесілген болатын.