Accessibility links

“Үлкен жетіліктің” қаржыгерлері Римде бас қосады


Бүгін Римде “үлкен жетілік” (G7) елдерінің қаржы министрлері мен Орталық банктерінің төрағалары ғаламдық дағдарысқа қарсы бірлескен іс-шараларын талқылайды. Оның қарсаңында Халықаралық валюта қорының үлестіруші-директоры Стросс-Кан “үлкен жетілік” елдерінің үкіметтерін астыртын түрде протекционизм саясатын жүргізуден аулақ болуға шақырды.
Ол мәлімдегендей, егер ұлттық өнеркәсіпті астыртын қолдау немесе протекционизм кең етек жаятын болса, қаржы жүйесіне анық қатер төнеді.
Сонымен қатар Стросс-Кан экономиканы ынталандырудың халықты тек ұлттық өнімді сатып алуға шақыратын жолдарының да қатерлі екенін ескертті.
XS
SM
MD
LG