ҚР Сыртқы істер министрлігі Рахат Әлиевтің өзіне қарсы кампанияның жұмысы қаржыландырылып отыр деген ақпаратын терістеді.
«Бұл мәлімдемеге қатысты (Әлиевтің) біз сыртқы істер министрлігінің де, халықаралық ақпарат комитетінің де Әлиев мырзаның сұхбатында айтылған кампанияға ешқандай қатысы жоғын баса айтқымыз келеді. Сондай-ақ қандай да бір кампания жүргізу үшін ешқандай қаржы бөлініп, еш тапсырма берілмегенін айта аламыз», — деді ҚР СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаев.
Рахат Әлиев Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің халықаралық ақпарат комитетіне Global Options лоббистерінің үйлестіруімен өзіне бәле жабуға арналған кампанияны өткізу үшін 10 миллион доллар бөлінгендігін интернет арқылы хабарлаған болатын.