Accessibility links

Бейжіңде үш адам өздерін тірідей өртеді


Қытайдың мемлекеттік ақпарат көздері хабарлағандай, Бейжің орталығында үш адам өздеріне өрт қойған. Циньхуа агентігінің жазуынша, Тьяаньмань алаңына жақын жерде көліктің ішінде отырып өртенген ол адамдардың тірі қалған-қалмағаны белгісіз. Олардың не себепті өртенгені тергеліп жатыр.
Осы маусым айында айтулы алаңда Қытай билігінің 1989 жылы студенттердің наразылық шеруін күшпен басқан қырғынына 20 жыл толады. Хабарларға қарағанда, онда мыңдаған адам қауіпсіздік күштерінің репрессиясына ұшыраған болуы мүмкін деп айтылып жүр.
XS
SM
MD
LG