Accessibility links

Президентшіл партиялар меморандумға қол қойды


«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының бастамасымен дайындалған экономикалық дағдарыс жағдайында әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы меморандумға елдегі ресми биліктің саясатын мақұлдайтын бірнеше партия бүгін Астанада қол қойды.

Атап айтқанда, бұл құжатты «Нұр Отан», «Әділет», «Руханият», «Патриоттар партиясы», «Ауыл» және Коммунистік Халықтық партиялары бекітті.

Қол қою рәсімінен кейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев бұл іске қолдау танытқан барлық саяси партиялардың басшыларына алғыс білдіріп, әлі де осы құжатқа қосылуға тілек білдіретіндер үшін әрдайым есік ашық болатынын мәлімдеді.

«Қазір біздің кейбір әріптестеріміз бұл құжатты әлі талқылауда. «Ақ жол» партиясы да өзінің саяси кеңесін өткізген соң осы құжатқа қосылатынын айтты», - деп хабарлады Д.Қалетаев.
XS
SM
MD
LG