НАТО Австралиядан Ауғанстанға көбірек сарбаздарын жіберуді сұрады. Бұл тамыз айына белгіленген президент сайлауында елді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қажет, дейді НАТО ресмилері.
Австралия сыртқы істер министрі Стивен Смиттің айтуынша, НАТО-ның өтінішіне байланысты үкімет әлі шешім шығармаған. Сонымен қатар министр Ауғанстан сайлауын ұйымдастыруға көмектесу үшін Австралияның 2 миллион доллар үлес қосып жатқанын хабарлады. Қазір Ауғанстанда Австралияның шамамен 1100 сарбазы бар.