Иран дипломатының мәлімдеуінше, Вашингтонмен арадағы қарым-қатынастардың жақсара қоюйы Ауғанстандағы Талибан бүлікшілігі мен елдің есірткі саудасына ешқандай әсер етпейді. Иранның Кабулдағы елшісі Феда Хуссейн Маликидің бұл мәлімдемесі Ауғанстандағы жағдайға қатысты конференцияның алдында жарияланып отыр. Ауғанстандағы нашарлап бара жатқан жағдайға қатысты жиын өткізуді АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ұсынған болатын.
Бірақ наурыздың 31-де Нидерландыда өтетін конференцияға Иран қатыса ма жоқ па – әзірше белгісіз.
Бірақ наурыздың 31-де Нидерландыда өтетін конференцияға Иран қатыса ма жоқ па – әзірше белгісіз.