Accessibility links

Мұнай бағасы қымбаттады


Халықаралық бір қатар ақпарат агенттіктері мұнай бағасының 53 долларға жеткенін хабарлап отыр. Әлемдік нарықтағы өзгеріс 23-наурызда болған. Дәл осы күні Лондондағы биржада IPE Brent Crude мұнайының баррелі 53, 47, ал Нью-Йорктегі биржада Light, Sweet Crude Oil мұнайы 53,80 долларға өскен. Мұнай бағасының 50 доллардан жоғары көрсеткішке жетуі соңғы рет 2008 жылдың 15-ші желтоқсанында болған.
XS
SM
MD
LG