Accessibility links

Чехия үкіметіне сенімсіздік танытылды


Сейсенбі күні Чехия парламенті көпшілік дауыспен Мирек Тополанек үкіметіне сенімсіздік вотумын жариялады. Дауыс беру кезінде оппозициялық социал-демократтар мен коммунистерді кезінде үкіметтік фракцияның құрамында болған кейбір депутаттар да қолдады.

Бұдан соң Мирек Тополанек кабинеті отставкаға кетуі тиіс. Ол өз міндетін жаңа үкіметтің құрамы жасақталғанша атқарады.

Чехия 30-шы маусымға шейін Еуропалық одаққа төрағалық етеді.

XS
SM
MD
LG