Accessibility links

Гаагада Ауғанстанға қатысты конференция ашылды


Бүгін Нидерландының Гаага қаласында Ауғанстанда қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған біркүндік халықаралық конференция өтуде. Жиынға 80 ел мен әртүрлі ұйымдардың өкілдері қатысуда. Конференцияға сондай-ақ АҚШ пен Иранның жоғары лауазымды дипломаттары шақырылған.

Жиын алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Иран Ауғанстанда қауіпсіздік орнату мақсатында “конструктивті” идеялармен келеді деп үміттенетінін айтты. Бірақ Клинтон Иран өкілдерімен кездесуді жоспарлап отырмағанын жеткізді.
XS
SM
MD
LG