Accessibility links

Денсаулық сақтау басқармасының бастығы мемлекетке 10,2 млн теңге шығын әкелген


ҚазТАГ-тың хабарлауынша, Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес агенттігі департаменті қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Темірлан Кәрібековке қатысты қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы хабарлаған қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың айтуынша, Темірлан Кәрібековке қалалық ауруханаларға медициналық құрылғыларды мемлекеттік сатып алу кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған деген айып тағылып отыр. Оның қылмыстық әрекетінің кесірінен мемлекетке 10,2 млн теңге көлемінде шығын келген. Сот 28 наурыз күні Т.Кәрібековке үй тұтқынына алу жазасын белгіледі.
XS
SM
MD
LG