Ұлыбританияның қаржылық бақылау қызметі Қазақстандағы Альянс банкінің қаржылық ұстанымын анықтағанға дейін Лондон қор биржасындағы аталған банк акцияларының сатылымын тоқтатты, — деп хабарланды Қазақстан қор биржасы (KASE) сайтында.
Ақпан айында Қазақстан үкіметі дағдарыстан жапа шеккен банк жүйесін қолдау мақсатында банктің негізгі акционері Seimar Alliance Financial Corporation-нан (SAFC )банк акциясының 76 пайызын сатып алуға келіскен еді.
SAFC өзіне Альянс акциясының 8 пайызын сақтап қалды, қалған акциялар Қазақстан мен Лондонның қор биржаларында сатылуда.
Ұлыбританияның қаржылық бақылау қызметі акция сатылымдарын Альянс-банктің өз активтерінің құнын қайта есептеу туралы хабарламасынан кейін тоқтатып тастады.
«Активтерді қайта бағалау банктегі жағдайды жақсарту мақсатында жүргізіледі және бұл процесс банк операцияларына кесірін тигізбейді», — делінген банк хабарламасында.