Accessibility links

БҰҰ Ауғанстанның жаңа заңына алаңдаушылық танытуда


БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша басшысы Ауғанстандағы шиит мұсылмандарына әсіресе әйелдер құқығына кері әсер етуі мүмкін заңға байланысты алаңдаушылық білдірді. Парламентте мақұлданып, президент Хамид Қарзай қол қойды деп хабарланған заң әлі қоғамға жарияланған жоқ.
Хабарларға қарағанда, бұл заң ерлі-зайыптылардың зорлығын заңдастырып, ауғандық шиит әйелдердің күйеуінің рұхсатынсыз үйлерінен шығуына тыйым салады.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэй бұл заң кері бағытқа кеткен қадам және бұл 1990 жылдардағы Талибан режимінің қаулысын еске салады деді.
Ауғанстандағы шиит қауымдастығы елдегі халықтың 10 пайызын құрайды.
XS
SM
MD
LG