Accessibility links

Теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 0,07 теңгеге арзандады


6 сәуір, дүйсенбі күнгі мәлімет бойынша, Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы жұмадағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,07 теңгеге арзандап, бір долларға шаққанда 151,08 теңгені құрады.

Бүгін, дүйсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 54,930 млн долларды құрады. Ал жұмада АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 42,205 млн долларды құраған болатын.
XS
SM
MD
LG