Италия ресмилері мен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бүгін орталық Италияда орын алған жер сілкінісінен 30-ға жуық адам қаза тапқан. Азаматтық қорғау департаментінің ресми өкілі Агостино Миоззоның айтуынша, зілзала салдарынан ондаған адам жарақат алып, мыңдаған адам үйсіз қалған.
Дүйсенбі күні таңертең Римнің солтүстік-шығысындағы таулы Абруззо аймағында болған жер сілкінісінен бірнеше ғимарат қираған. АҚШ геологиялық зерттеулер орталығының мәліметінше, зілзаланың күші Рихтер көрсеткіші бойынша 6.3 балға жеткен. Ал Италияның ұлттық геофизика институты зілзала күшін 5.8 балл деп көрсетіп отыр.
Бұл апаттан кейін Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони Мәскеуге жоспарланған сапарын тоқтатты.