Accessibility links

Әзірбайжан лидері И.Әлиев Ресейге жұмыс сапарымен барады


Бейсенбі күні кешке Әзірбайжан президенті Ильһам Әлиевтің Ресейге жұмыс сапары басталады. И.Әлиевтің Ресей президенті Дмитрий Медведевпен жұма күні өтетін келіссөзінің күн тәртібіне газ саласындағы ынтымақтастық, Оңтүстік Кавказдағы ахуал және Таулы Қарабақ жанжалын үйлестіру, сондай-ақ Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындау мәселелері қойылған.
Бейсенбіде Ресейдің Бакудегі елшісі Владимир Дорохин мәлімдегендей, екі елдің газ саласындағы ынтымақтастығының келешегі жақсы.
Наурыздың соңында Баку мен Мәскеу меморандумға қол қойып, қазір Ресейге экспортталатын әзірбайжан газының көлемі мен шарттары бойынша келіссөз жалғасу үстінде. Дорохиннің мәлімдеуінше, бұл келісімнің астарында саясат жоқ, «таза бизнес, одан басқа ештеңе жоқ». Оған қоса, деп ерекше атап көрсетті Ресей елшісі, Ресей Әзірбайжанды «Набукко» немесе тағы басқа газ құбыры жобасына қатысудан бас тартуға үгіттемейді.
XS
SM
MD
LG