Дүйсенбі күні Женевада нәсілшілдікке қатысты халықаралық конференция басталды. Батыс елдері бұл жиын Израилді әділетсіз сынау үшін пайдаланылуда деп қауіптеніп, оған қатысудан бас тартып отыр. Басында Канада мен Израиль Женевадағы конференцияға қатыспайтындарын айтты. Сенбі күні АҚШ үкіметінің осындай шешіміне сондай-ақ Австралия, Германия, Италия, Голландия мен Жаңа Зеландия елдері қосылды. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун батыс елдерінің халықаралық конференцияға бойкот жариялауларына байланысты өкінішін білдірді. Женевадағы жиында сөйлеген сөзінде Пан Ги-мун әлем елдері экономикалық дағдарыс кесірінен ушығып бара жатқан төзімсіздікке қарсы күресулері керек деп мәлімдеді. Конференцияда сондай-ақ Иран президенті Махмуд Ахмадинежад сөз сөйлейді деп күтілуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы