Accessibility links

Клинтон: Пәкістан әлем қауіпсіздігіне қауіп төндіруде


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Пәкістан әлем қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіруде деп мәлімдеді. Клинтонның айтуынша, Пәкістан үкіметі кей аймақтарда шариғат заңын енгізуге келісім беру арқылы Талибан мен экстремистерге беріліп жатыр. Бұл туралы ол сәрсенбі күні заңшығарушылардың сұрақтарына жауап берген кезінде айтты.

Осы айдың басында Пәкістан президенті Асиф Али Зардари Суат жазығында ислам заңдарын енгізуге келісім беру туралы қарарға қол қойған болатын.

Хабарларға қарағанда, Суаттағы Талибан жауынгерлері өз бақылауын кеңейту мақсатында Исламабадқа жақын орналасқан тағы басқа ауданға жылжуда.
XS
SM
MD
LG