АҚШ, НАТО, ЕуроОдақ Ресей мен жікшіл Абхазия, Оңтүстік Осетия арасында қол қойылған келісімшартқа орай алаңдаушылық білдіруде. Ол келісімшарт өткен жылы тамыздың 12-де қол қойылған, Грузиямен атыстарын тоқтату туралы өзара келісіміндегі Ресейдің міндеттеріне қайшы келеді дейді АҚШ пен ол ұйымдар. Сәуірдің 30-да қол қойылған жаңа құжат бойынша Ресей елі Грузияның әлгі жікшілдік аймақтарының Грузиямен шекараларына жауапкершілікті ресми түрде өз мойнына алып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы