Accessibility links

Грузиядағы қақтығыстан 30 адам жараланды


Грузия астанасы Тбилисидегі оппозицияны қолдаушы шерушілер мен полиция арасында болған қақтығыстан шамамен 30 адам жарақат алды. Полиция шерушілерді тарату үшін көз жасаурататын газ қолданған.
Ішкі істер министрлігінің өкілі Ека Згуладзенің айтуынша, оппозицияны қолдаушы 22 адам, бір журналист және 6 полиция қызметкері қақтығыста жараланып отыр.
Бұл қақтығыс сейсенбі күні билік Мухровани әскери базасындағы көтерілістің алдын алдық деген бір күннен кейін болды.
XS
SM
MD
LG