Accessibility links

АҚШ Ирак пен Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қосымша 97 млрд доллар бөлмек


АҚШ Конгресі палатасының өкілдері Ирак пен Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарды жүргізуге қосымша 97 млрд доллар бөлуді мақұлдады. Бұл қаржының бөлінуін палатаның 368 мүшесі қолдап дауыс берген, 60-ы қарсы болған, — деп хабарлайды Associated Press.

Барак Обама әкімшілігі Конгрестен 85 млрд доллар сұраған болатын, бірақ палата өкілдері қосымша қару-жарақтар мен әскери іс-қимылдарды қамтамасыз етуге 12 млрд доллар қосып беретін болды.

Бөлінген қаржының жартысына жуығын, яғни 45 млрд долларды екі елдегі әскери операцияларды қолдауға жұмсау жоспарланған.
XS
SM
MD
LG