Әлемге тараған доңыз тұмауы Жапониядағы мектептердің жабылуы мен қауымдыстық жиындарын тоқтатуға себеп болып отыр. Бүгінде Жапонияда доңыз тұмауына қатысты 120-дан аса оқиға тіркелсе, олардың басым бөлігін мектеп жасындағы жасөспірімдер құрайды екен.
Премьер-министр Таро Асоның айтуынша, бұл жұқпалы дерттің тарауына тосқауыл қою үшін адамдардың әрекет-шарасын шектейтіндей үкіметтің шұғыл жоспары жоқ.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, 40 шақты елде 8,500-дей адам осы вирусқа шалдыққан. 70-тен аса адам осы дерттен көз жұмды, оның көбісі Мексикада делініп отыр.