Accessibility links

Қазақстаннан Ресейге есірткі тасымалдаушы ұсталды


Павлодар облыстық ҰҚК департаментінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Қазақстаннан Омскіге есірткі тасымалдап келген жолдың көзін жойды, — деп хабарлайды «Новости-Казахстан» агенттігі.

Қазақстан мен Ресей шекарасынан бірнеше ондаған шақырым жерде орналасқан Иртышск ауылында жүргізілген жедел тексеру шараларының нәтижесінде шекара жаққа қарай жеңіл көлікпен 181 килограмм марихуана мен 5,2 килограмм гашиш алып бара жатқан Жамбыл облысының тұрғыны қолға түскен.

«Новости-Казахстанның» мәліметінше, қолға түскен есірткінің ресейлік тұтыну нарығындағы құны 16 миллион теңгеден астам қаржыны құрайды. Аталған дерекке қатысты 259 бап бойынша қылмыстық іс қозғалған, бұл баптың жазасы 10 жылдық бас бостандығынан айыру.
XS
SM
MD
LG