Бүгін Молдавияда президент сайлауы қайтадан өткізілмекші. Мемлекет басшысының орнына екі үміткер сайлауға түсуде: елдің премьер-министрінің қызметін атқарушы Зинаида Гречаная мен Молдавияның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Андрей Негуца. Екі кандидатты та Коммунистер партиясы ұсынуда.
20 мамырда өткен сайлаудың алғашқы кезеңінде парламент мемлекет басшысын сайлай алған жоқ. Ол кезде Зинаида Гречанаямен бірге Кишиневтегі жедел жәрдем ауруханасының нейрохирург дәрігері Станислав Гроппа сайлауға түскен.
Президент болып сайлану үшін Парламент депутаттарының 3/5 бөлігінің дауысын жинау, яғни кем дегенде 101 дауыстың 61 –ін алу керек. Бірақ 41 мандатты иеленген оппозициялық партиялардың өкілдері дауыс беруге қатысудан бас тартуда.
Олар президент сайлауын жауып, осы арқылы мерзімінен тыс парламент сайлауын өткізу жөнінде мәлімдеме жасап, бүгінгі қайта сайлауға да бойкот жариялайтындықтарын айтқан.
Егер Молдавиядағы қайта сайлауда президент сайланбаса, онда Конституцияға сәйкес, қазіргі президент парламентті таратып жіберіп, жаңа парламент сайлауының мерзімін белгілейді.