Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Қазақстан баспасөзінің күні қарсаңында Алматыда оппозициялық саяси қайраткерлер мен журналистер елде қудалауға түскен әріптестері мен ақпарат құралдарына қолдау білдіру үшін наразылық митингісін өткізді. «Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілов бұл шараның мақсаты қоғам назарын тәуелсіз БАҚ-тардың бүгінгі жағдайына аударту екенін мәлімдеген.
— Барлығы президент пен биліктің қолында емес, қазақстандықтардың қолында. Сондықтан егер біз қазір үндемей қалсақ, «БАҚ туралы» заңға қаралып жатқан түзетулер қабылдануы мүмкін. Ал ол қабылданған жағдайда біз оқитын бір де бір басылым қалмайды және «Хабар» мен «Қазақстаннан» басқа телеарнаны көре алмайтын боламыз. Оған қоса интернетті ауыздықтаса -әлеммен байланысымыз үзілетін болады — дейді Болат Әбілов.
Жиналғандар бүгінгі тәуелсіз журналистиканың хал-ахуалын сөз етіп, билік тарапынан қандай да бір жауап болар деген үмітпен тарасты.