Ауғанстанда жанармай құятын машинаның жарылуы салдарынан зардап шеккен қазақстандықтардың екеуінің жағдайы тұрақтанған, олар жалпы палатаға ауыстырылды. Ал қалған төрт азаматтың жағдайы өте ауыр.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 22 маусым күні Қазақстанның алты азаматы Ауғанстандағы Хайратон қаласына жақын маңда жанармай құятын машинаның жарылуы салдарынан денелерін күйік шалып, Өзбекстанның Термез қаласындағы жедел медициналық көмек орталығына жатқызылған еді.
Қазір Алматыдағы № 4 ауруханада емделіп жатқан олардың Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының Ауғанстан аумағында кәсіпкерлікпен айналысып жүрген азаматтар екені анықталған.