Accessibility links

Өзбекстанда исламшыл ұйымнан делінген 10 кісінің соты басталды


Бүгін өзбекстандық құқық қорғаушы топтар әл-Қаидамен байланысы бар исламшыл ұйымның мүшесі деп күдіктелген 10 адам сотқа тартылғанын хабарлады.

AFP ақпарат агенттігіне Өзбекстандағы адам құқын қорғау бастамашыл тобының басшысы Сурат Икромов сотқа тартылғандар Өзбекстанның ислам қозғалысы мен Ислам жихады ұйымының мүшесі деп айыпталып отыр деді.

Икромовтың айтуынша, оларға елдің қауіпсіздігіне қатер төндірді деген сияқты бірқатар айып тағылды.
XS
SM
MD
LG