Accessibility links

Үндістан ғарыш кемесімен байланыс үзілгенін айтуда


Үндістан өткен жылы айға жөнелтілген адамы жоқ ғарыш кемесімен байланыс жоғалғанын айтып отыр.

Ғарышты зерттеу жөніндегі бұл елдің алғақшы жобасының директоры Аннадурай ақпарат құралдарына айтқанында, “миссия толығымен аяқталды. Біз ғарыш кемесімен байланысты жоғалттық” деген.

Үндістан адамсыз жерсерігін өткен жылдың соңында ұшырып, айдың жоғары жағына теледидар көлімендегі зерттеу құралын орнатқан еді. Бұл алғашқы жоба екі жылға созылуы тиіс еді.

Үндістанның ғарыш агенттігі сондай-ақ Марс пен Шолпан жұлдызын зерттеуге де жерсерігін жіберуді мақсат еткен болатын.
XS
SM
MD
LG