Accessibility links

Македонияда 15 болгар турисі суға кетті


Македония мен Болгарияда Македонияның Охрид көліндегі серуен кемесінің апатынан құрбан болғандарды аза тұту күні жарияланды.
Біздің жергілікті тілшіміздің хабарлауынша, кеменің апатынан 15 болгар турисі суға кетті. Кемеде бая-аяғы 57 адам болған. Құтқарылған 42 адам ауруханаға жеткізілді.
Жағалаудан 200 метр қашықтықта ортасынан қақ жарылған кеме қасқағым сәтте су түбіне кетіп, жолаушылар құтқаратын кимешектерін киіп те үлгермеген.
Апаттың себептері тергеу үстінде. Бірақ осыдан 70 жыл бұрын тұрғызылған кемеде адам тым көп болыпты. Македонияның көлік министрі қызметінен кетті.
XS
SM
MD
LG