Беларусь жастар майданы қозғалысының екі белсендісі бүгін Минскіде сотқа тартылып отыр деп хабарлайды Азаттық радиосының Беларусь қызметі. Микалай Дземидзенка мен Маргарита Каролға рұқсат етілмеген қоғамдық шара өткізді деген айыптар тағылған.
Олар қолдарына Минскіде Ресей елшілігі алдында шеру өткізіп, 1514 жылы орын алған оқиғаларды еске алған болатын. Осыдан 495 жыл бұрын қыркүйектің 8-дегі қақтығыста мәскеулік күштер жеңіліске ұшыраған болатын. Беларусь жастары Совет одағы ыдырағалы бері қыркүйектің 8-ін Беларусь әскерилерінің жеңісі күні ретінде атап өтеді.
Қамауға алынған әлгі белсенділер сейсенбіден бері абақтыда отыр.