Қазақстан ғалымы профессор Закратдин Байдосов Нұрсұлтан Назарбаевқа өмірлік президент өкілеттігін беруді ұсынып отыр деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан агенттігі.
Тарих ғылымы докторы Байдосовтың пікірінше, болашақта президент сайлауын өткізудің қажеті жоқ. Ол бейсенбі күні жұмыс сапарымен Ақтөбеге барған Назарбаевқа "сіз Қазақстанды әрдайым басқаруыңыз керек, осыған байланысты Конституцияға қажетті өзгерістер енгізілуі тиіс" деген.
Назарбаев тәуелсіз Қазақстанды 1991 жылдан бері басқарып келеді. Қазақстан заңына сәйкес, кезекті президент сайлауы 2012 жылы өтуі тиіс.