Accessibility links

Түркменстанда жергілікті және қытайлық жұмысшылар қақтығысты


Түркменстанның шығысындағы энергетика компаниясында Қытай және түркмен жұмысшылары арасында қақтығыс орын алып, бірнеше адам жарақат алды. Азаттық радиосы түркмен қызметінің хабарлауынша, осы оқиғадан кейін жүздеген адам қамауға алынған.

Әлгі қызметкерлер Самандепе мен Иолотон өлкелеріндегі табиғи газ құбырын салып жатқан қытайлық компанияда қыркүйектің 12-нен бері жұмыс істеген. Қақтығыстан кейін 200-ге жуық түркмен жұмысшылары тұтқындалып, 15 қытайлық қызметкер ауруханаға түскен.

Түркмен жұмысшылары компаниядағы дискриминация мен нашар жұмыс жағдайына байланысты шағымданған болатын. Түркменстан сыртқы істер министрлігі мен Ашхабадтағы Қытай елшілігі бұл хабарларға байланысты пікір білдіруден бас тартты.

Орталық Азия-Қытай газ құбыры жобасы 2007 жылы басталған. Шамамен 7,5 миллиард долларлық құбыр арқылы Түркменстаннан Өзбекстан мен Қазақстан арқылы Қытайға табиғи газ тасымалданбақ.
XS
SM
MD
LG